Энергетикалық апат: Қарағанды облысының бір ауданында төтенше жағдай жарияланды

Кәмшат Тілеухан 21 ақп. 2025 14:38 678

Қарағанды облысының Шет ауданында электр энергиямен қамсыздандыру мәселесіне байланысты жергілікті аумақтағы төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Аудан әкімі Мұхит Мұхтаровтың айтуынша, "Шет Энерго" компаниясы "Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы" АҚ-ның электр энергиясын тасымалдау бойынша талаптарын орындамауына байланысты, ауданымызда электр энергиясын беру шектелуде.

"Бүгінгі таңда "Шет-Энерго" компаниясымен жағдай әлі де күрделі болып отыр. Көптеген жылдар бойы компания электр желілерін жаңғыртуға инвестиция салмаған, бұл электр энергиясының жүйелі үзілістеріне әкеліп соғуда. Адамдар жиі жарықсыз қалудан ғана емес, сонымен қатар жылусыз да қалады. Аудан тұрғындарынан бұл компанияның жұмысы туралы үнемі көптеген шағымдар түсіп келеді", деп жазды әкім бүгін Instagram-дағы парақшасында.

Тұрақты ескертулерге қарамастан, "Шет-Энерго" қызметінің сапасы жақсармай келеді.
Осыған байланысты аудан әкімдігі жергілікті деңгейде төтенше жағдай жариялауға мәжбүр болуда, бұл шаралар ауданда электр энергиясын қалпына келтіруге бағытталған. Бұл қадам энергетикалық қамтамасыз ету саласында тәртіп орнатуға және сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

"Тұрғындар үнемі авариялар мен жеке компанияның сылтауларын емес, тұрақты электр қуатын қажет етеді. Тұрғындардан сабыр сақтап, біз жағдайды тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанымызды түсінулерін сұраймын", - деді әкім аудан тұрғындарын сабырға шақырып.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар