Мектеп оқушылары мен олардың жетекшілеріне халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларындағы жетістіктері үшін берілетін төлем тәртібі жаңартылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
1 орын – 1500 АЕК (2026 жылы шамамен 6,49 млн теңге)
2 орын – 1000 АЕК (шамамен 4,33 млн теңге)
3 орын – 500 АЕК (шамамен 2,16 млн теңге)
Сыйақы тек оқушыларға ғана емес, олардың мұғалімдеріне де қарастырылған. Төлем көлемі базалық лауазымдық жалақыға байланысты есептеледі:
«Алтын» алған оқушының жетекшісіне – жалақысының 26,5 есесі
«Күміс» үшін – 17,5 есе
«Қола» үшін – 8,5 есе
Төлемдер бір реттік негізде, әр жетістікке жеке-жеке беріледі және тек ағымдағы жылғы нәтижелер үшін қарастырылған. Бағдарлама Қазақстан азаматтарына арналған.
