Қазақстанда Конституция күні енді 15 наурызда атап өтіледі, деп хабарлайды dalanews.kz.
1 шілдеден бастап Қазақстанда Конституция күні ресми түрде 15 наурыз болып бекітілді. Бұл күн мемлекеттік мереке мәртебесіне ие болды.
Жаңа Конституцияның 94-бабы 2-тармағына сәйкес Конституцияның республикалық референдумда қабылданған күні Қазақстан Республикасының Конституциясы күні ретінде мемлекеттік мереке болып жарияланады.
Осыған байланысты бұған дейін 30 тамызда атап өтіліп келген Конституция күні ресми түрде күшін жойды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұған дейін 30 тамыз енді демалыс күні емес екенін растаған еді.