Енді Қазақстан банктері ағымдағы шоттарға пайыз есептей алады

Көркем Алдабергенова 13 нау. 2026 09:24

Қазақстан банктері ағымдағы шоттарға пайыз есептей алады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

19 наурыздан бастап Қазақстанда «Банктер және банк қызметі туралы» заңға енгізілген түзетулер күшіне енеді. Енді банктер клиенттердің ағымдағы шоттарындағы қаражатқа пайыз есептей алады. Алайда бұл шарт банктік келісімшартта көрсетілуі тиіс және жылдық мөлшерлеме 1%-дан аспауы керек. Бұған дейін мұндай төлемдерге 2018 жылдан бері тыйым салынған еді.

Қаржыгерлер қауымдастығының түсіндіруінше, бұл өзгеріс депозит нарығына айтарлықтай әсер етпейді. Себебі депозиттер бойынша ұсынылатын шарттар әлі де тиімдірек болып қала береді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove