Енді Каспийден итбалықтар аулана бастайды: Үкімет себебін түсіндірді

Енді Каспийден итбалықтар аулана бастайды: Үкімет себебін түсіндірді
Фото: astrakhanzapoved.ru

Қазақстан Үкіметі сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар су жануарларын ғылыми мақсатта аулау туралы қаулы қабылдады , деп хабарлайды dalanews.kz.

Қаулыға сай, 2026 жылдың 27 сәуірі мен 31 желтоқсаны аралығында Маңғыстау және Атырау облыстарындағы Дурнев, Түлен, Кендірлі және Ақтоты аралдарында 66 бас Каспий итбалығын аулауға рұқсат берілген. Мамандар оларды ғылыми зерттеу үшін ұстап, арнайы таңбалап, кейін табиғи ортасына қайта жібереді.

Сонымен қатар құжатта сирек балық түрлерін ғылыми мақсатта аулау да қарастырылған. Атап айтқанда, 500 келі арал бекіресі Алматы және Жетісу облыстарындағы Іле, Қаратал өзендерінен, Балқаш көлі мен Қапшағай су қоймасынан алынады. Бұл жұмыс аналық табынды қалыптастырып, кейін қолдан өсіруге бағытталған. Ал 300 келі ақбалық Абай және Павлодар облыстары аумағындағы Ертіс өзенінен ғылыми зерттеу және көбейту мақсатында ауланады.

Үкіметтің бұл шешімі сирек су жануарларын сақтап қалу, олардың санын арттыру және ғылыми негізде көбейту жұмыстарын күшейтуге бағытталған. Қаулы 2026 жылғы 27 сәуірден бастап күшіне енді.