Бүгіннен бастап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне дропперлік үшін жауапкершілік қарастырылатын жаңа 232-1-бап енгізілді. Енді қандай өзгеріс болады? Dalanews.kz материалында.
Дропперлік деген не?
Банк шотына, төлем немесе сәйкестендіру құралдарына заңсыз қол жеткізу, оны беру немесе алу, заңсыз төлемдер жасау, ақша аудару, оның ішінде материалдық сыйақы үшін үшінші тұлғаларға банк картасын беру дропперлік деп саналады.
ІІМ мәліметінше, бұл әрекет интернет алаяқтықтың негізгі әдістерінің бірі саналады және ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру мен шығару үшін қолданылады.
Енді бұл әрекет үшін қандай жаза қарастырылады?
Іс-әрекеттің ауырлығына, сипатына және алынған пайда мөлшеріне қарай 232-1-бапта айыппұлдан бастап, мүлікті тәркілей отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.