Еңбекмин автобус апатынан қос аяғынан айырылған Алуаға қандай көмек көрсетеді?

Көркем Алдабергенова 18 мау. 2025 11:14

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Астанадағы жантүршігерлік жол апатынан кейін аяғынан айырылған сегіз жасар қыздың жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Оңалту және протездеу қызметтерін біз өз мойнымызға аламыз. Дәрігерлер балаға арналған жеке оңалту бағдарламасын әзірлейді. Отбасын қолдау – біздің министрліктің жауапкершілігінде", – деді Жақыпова.

Еске сала кетейік, 2 маусымда елордада жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, бірнеше адам жарақат алған болатын. Алуа – сол апаттың ең ауыр зардап шеккен жолаушыларының бірі.

Бұған дейін бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева бұл отбасының жағдайы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің тікелей бақылауында екенін мәлімдеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар