Еңбегімен көпке үлгі

Dalanews 23 қар. 2018 16:03 244

Созақ ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ әдіскері С.Естауовтың ұйымдастыруымен Қаратау ауылының Панфилов мектебінің акт залында Созақ ауданының құрметті азаматы, уыл қариясы, байырғы шопан Өзбек Асқарбайұлымен ауыл жастары арасында «Еңбегімен еленген ер ардақты» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Іс-шараға ауыл әкімі О.Ермахан, аудандық мәслихат депутаты І.Омар, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Тәжібеков, мекеме басшылары, ауыл қариялары, Өзбек Асқарбайұлы атаның замандас құрдастары, «Жастар ресурстық орталығы» КММ әдіскері С.Естауов және жоғарғы сынып оқушылары мен ауыл жастары қатысты.

Жиынды ашып сөз сөйлеген ауыл әкімі О.Ермахан, аудандық мәслихат депутаты І.Омар, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Тәжібеков Өзбек Асқарбайұлы атаның жас кезінен еңбекке араласып, жастайынан мал бағып, бұрынғы Қаратау совхозының мал шаруашылығының дамуына, қой төлінің саны мен сапасының артуына үлкен үлес қосқанын айтып өтті.

10 сынып оқушысы Б.Сейтмахан Ө.Асқарбайұлының өмір жолы жайлы баяндама оқып, ауыл жастарына түсіндіріп өтті. Іс-шара барысында ауыл қариялары Е.Естанұлы, Е.Тұрлыбеков сөз сөйлеп Ө.Асқарбайұлы жайлы жақсы пікірлерін білдірді. Ауыл жастарының қойған сұрақтарына Ө.Асқарбайұлы арнайы смайликтер арқылы жауап беріп отырды. Өз сұрақтарына жауап алған ауыл жастары өз өнерлерін ортаға салып ән мен биден шашу шашты. Іс-шара соңында сөз сөйлеген Ө.Асқарбайұлы ауыл жастары мен мектеп ұжымына, іс-шараға қатысқан ауыл қарияларына алғысын білдірді

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x