Freedom Inside '26

Елорданың Бас мешіті енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады

Елорданың Бас мешіті енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады
muftyat.kz

Қазақстанның Бас республикалық мешітіне «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, бұдан былай аталған атау ресми түрде қолданылады.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Бас республикалық мешітке “Нұрсұлтан мешіті” атауы берілгенін хабарлайды. Осыған байланысты бұл атау ресми қолданысқа енгізіледі», – делінген ҚМДБ хабарламасында.

ҚМДБ Бас республикалық мешіттің Астананың ғана емес, бүкіл Қазақстан мұсылмандарының рухани орталығы екенін атап өтті.

Діни басқарманың мәліметінше, жаңа атаумен мешіт халық бірлігін нығайтуға, дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтауға, игі бастамаларды қолдауға, сондай-ақ қоғамдағы бейбітшілік, келісім және өзара құрметті дәріптеуге қызметін жалғастырады.