Елордада вирус жұқтырған науқастардың 67,1%-ы емделіп шықты

Dalanews 28 шіл. 2020 17:00 823

Үкіметтің жедел шаралары нәтижесінде Елордада коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың 67,1% пайызы  емделіп шықты.

Қазіргі күні қалада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны – 10 070. Емделіп шыққан адамдар саны – 6766, немесе 67,1% пайыз, ал соңғы бір апта ішінде жазылып шыққандар саны – 1563 адамды құрады, демек  науқастардың шамамен 25%-і өткен аптада сауықты.

1758 адам стационарларда ем алып жатыр. Ауыр халдегі науқастар саны 34%-ке азайды, яғни 199-дан 132 адамға дейін. Президенттің тапсырмасына сәйкес, қабылданған бірқатар шаралар нәтижесінде карантин енгізілген сәттен бастап КВИ бойынша жағдайдың нақты тұрақтануы байқалады.

Өз кезегінде денсаулық сақтау ұйымдарына түскен салмақ едәуір азайды. Нақтырақ айтқанда жедел жәрдемге тұрғындардың жүгіну саны тәулігіне 4300-ден 1600-ге дейін, яғни 3 есеге төмендеді. Коронавирус инфекциясы бойынша жедел жәрдемге жүгіну тәулігіне 500-ден 73-ке дейін азайды. Елордада стационарлардың жүктемесі де реттелді. Жедел шаралар нәтижесінде 99%-тен 45%-ке дейін төмендеді. Пневмониямен жатқан адамдар саны 45% пайызға, яғни 1348 ден – 746 ға деін азайды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар