Freedom Inside '26

Елордада есірткі сатумен айналысқан күдікті ұсталды

Елордада есірткі сатумен айналысқан күдікті ұсталды
видео кадры

Астанада жүргізілген жедел іс-шаралар барысында есірткіні сақтап, таратумен айналысты деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Күдіктінің көлігін тексеру кезінде өзіне тән иісі бар сұрғылт-жасыл түсті зат салынған пакет, екі литрлік бөтелке және осындай зат толтырылған екі бес литрлік ыдыс табылған. Сондай-ақ, электрон таразы тәркіленді.

Сараптама нәтижесі бойынша бұл заттар гашиш екені анықталды.

"Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 7 келіден асады. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Астана ПД өкілі.