Сенбілік аясында қала аумағын қыс мезгілінен кейін тазалау, рекреациялық аймақтарды, саябақтарды, скверлерді, аулаларды, сондай-ақ сауда объектілеріне, қоғамдық тамақтану орындарына және басқа да ұйымдарға іргелес аумақтарды тазалау жоспарланып отыр.
Қатысушыларды шанцтық құралдармен, соның ішінде күректермен, тырмалармен, қолғаптармен және қоқысқа арналған қаптармен қамтамасыз етіледі.
Әкімдік қаланың барлық кәсіпорындарын, ПИК-терді, шағын және орта бизнес субъектілерін, волонтерлер мен немқұрайлы емес азаматтарды эко-айға қосылуға және тазалауға шығуға шақырады.
Жалпықалалық сенбілік аясында үш мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланған.
«Алматы» ауданының тұрғындары келесі мекенжайлар бойынша ағаш отырғызуға қатыса алады:
Қазақ драма театрының аумағында. Қуанышбаев даңғылында, Қошқарбаев даңғылында (Тәуелсіздік даңғылынан С.Нұрмағанбетов көшесіне дейін), Есіл өзенінің бойындағы саябақта И. Панфилов көшесінде, Аманжолов көшесінде (Қошқарбаев даңғылынан Байтұрсынұлы көшесіне дейін), Момышұлы даңғылында (Тоқпанов көшесінен Сәтпаев көшесіне дейін).
«Байқоңыр» ауданы бойынша Тәшенов көшесі, Әскери-тарихи мұражайда, «Ататүрік» саябағында, «Мұғалімдер» және «Жазушылар» гүлзарларында ағаштар отырғызылады.
«Есіл» ауданында ағаштар Ботаникалық бақта, Желілік саябақта, Қ.Мұхамедханов көшесінде (Ш. Айтматов көшесінен Тұран даңғылына дейін), Триумфалды арка ауданында және Ақмешіт көшесінде (ЕХРО ауданы) отырғызылады.
«Сарыарқа» ауданында көшелерді ғана емес, тұрғын үй алаптарын да көгалдандырады. Мысалы,"Көктал-2" тұрғын алабындағы Ұлытау көшесінің бойында және «Көктал-1» тұрғын алабындағы «Көктал» саябағында жасыл желектер отырғызылады. Сондай-ақ, «Өз ағашыңды отырғыз» акциясы аясында аудан тұрғындарымен, кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек ұжымдарымен 54 аула аумағында жаппай ағаш отырғызу жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, жалпықалалық сенбіліктердің негізгі мақсаты қоғамның назарын қала көшелерінде тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне аудару болып табылады.
Қала тұрғындары мен ұйымдары көшелер мен аулаларды абаттандыруды жақсартуға өз үлестерін қоса алады.
Айта кетейік, «Birge – taza Qazaqstan» республикалық акциясы аясында елордада апта сайынғы сенбіліктерге 80 мыңнан астам адам, 10 мың кәсіпорын мен ұйым қатысады деп күтілуде. Экологиялық акция барысында жалпы ауданы 5,5 млн м2 астам саябақтар мен гүлзарлар тазартылып, 12 мыңнан астам көшет отырғызылады.