Бағдарлама аясында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша балалар мен жасөспірімдер 59 түрлі үйірмеге тегін қатысу мүмкіндігіне ие.
Шығармашылық үйірмелер бойынша мемлекеттік тапсырыс операторы ретінде «Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасы» ММ қызметін жүзеге асырады.
– Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жеткізушілері ретінде кез келген ЖК (жеке кәсіпкерлік) және меншік нысанына қарамастан Қазақстанда заңнамасында белгіленген сапалы жұмысқа дайын заңды тұлғалар қатыса алады. Қызметті алушылар 4 жастан 17 жасқа дейінгі балалардың заңды өкілдері болып саналады. Бұл үйірмелер балалардың күнделікті бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған және балалар мен жасөспірімдердің барлық мәдени қажеттіліктерін ескереді, – деді спикер.
Қызметті азаматтар artsport.edu.kz порталы арқылы ала алады, бұл қызмет көрсетушілер мен баласы үйірмеге қатысқысы келетін ата-аналарды біріктіреді. Салтанат Муксимова порталмен қалай жұмыс істеу керектігі туралы да айтып берді.
– Заңды өкіл artsport.edu.kz порталына тіркеледі, ары қарай ата-ана баласы жайындағы деректерді еңгізіп, одан әрі «менің өтінімдерім» бөлімінде өзіне қажетті бағытты белгілеп, карта арқылы үйірменің ең ыңғайлы орнын таңдайды. Карта арқылы сол немесе басқа аймақтың операторы мақұлдаған жеткізушінің деректерін көре аласыз. Ата-аналар ваучер алуға өтініш бергеннен кейін оператормен байланысуы керек (егер оператор сізге хабарласпаған болса) және оған шарт жасасу үшін барлық қажетті құжаттарды ұсынуы керек, – деді ол.