– Алматы мен Сарыарқа аудандары толықтай газбен қамтылды. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен бірлесе газ тарату желілері Интернациональный, Мичурино және Күйгенжар елді мекендеріне жүргізілді. Газға көшудің артықшылықтары көп. Газ қолданыста ыңғайлы, экологиялық тұрғыда таза әрі қауіпсіз. Бүгін газға көшкен бірқатар елді мекеннің тұрғындарымен кездестік. Орташа есеппен алғанда олар 20-60 тонна көмір жағылып келген. Үйлер газға қаншалықты көп қосылса, қала атмосферасына зиянды заттардың шығындысы соғұрлым азаяды, – дейді қала басшысы.
Қазіргі таңда қала 1,5 мыңнан астам отбасы газға көшкен. Осының есебінен кемінде 20 мың тонна көмір жағылмауда. Сондай-ақ, барлық су жылыту қазандықтары ЖЭО-1 және ЖЭО-2-ге газға ауыстырылды. Бұл шаралар қала экологиясына жағымды әсер еткені анық. Сонымен қатар, тағы 4 мың 600 отбасы техникалық мүмкіндікке ие болды.
Бұған дейін Көктал-1, Көктал-2, Теміржолшылар, Промышленный, Агроқалашық, Оңтүстік-Шығыс елді мекендерінің тұрғындары газға көшу мүмкіндігінне ие болған болатын. Осылайша 650 шақырымнан астам газ тарату желісі салынды.
– Газдандыру – Елбасының тарихи жобасы, үш кезеңнен тұрады. Жобаны жүзеге асыра бастаған сәттен бастап әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға газға көшуге көмектесу үшін көмек көрсетіліп келеді. Басты критерий – басқа тұрғын үйдің болмауы және төрт ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы (153 872 теңге). Бұл санаттарға 90 АЕК мөлшерінде ақшалай көмек бөлеміз – бұл 260 мың теңгеден астам қаражатты құрайды. Әлеуметтік көмектің осы түрін алуға өтінімді egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы қалдыруға болады. Газдандыру процесі Мемлекет басшысының тікелей бақылауында, – дейді елорда әкімі.