Елорда мен Алматыда Мәскеудің туристік әлеуетін көрсететін роуд-шоу өтеді

Dalanews 18 там. 2022 04:26 738

Мәскеу қаласының Туризм жөніндегі комитеті Қазақстанда өтетін роуд-шоу аясында Ресей астанасының туристік әлеуетін таныстырады. Роуд-шоу екі қалада – Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өтеді деп күтілуде. Алматы қаласындағы іс-шара 2022 жылғы 24 тамызда Есентай Тауэр бизнес орталығында оналасқан The Ritz Carlton отелінде өтеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Екі роуд-шоу аясында Мәскеудің туристік мүмкіндіктері таныстырылады және DMC-компаниялардың, орналастыру нысандары мен қаланың көрікті жерлерінің өкілдерімен B2B түріндегі кездесулер өткізіледі.

Іс-шараның мұндай форматы екі елдегі туризм саласы өкілдерінің өздеріне әлеуетті серіктестер табуына және іскерлік байланыстарын кеңейтуіне мүмкіндік береді.

Басқосуға жиналған қонақтар саяхаттаушылар үшін пайдалы мақалалар, көрікті мекендер, туристік бағыттар көрсетілген Discover Moscow порталы, сондай-ақ Ресей бойынша саяхатты жылдам әрі қарапайым жоспарлауға көмектесетін туристік цифрлық RUSSPASS қызметі сияқты Мәскеудің цифрлық өнімдерімен таныса алады.

Мәскеу – 900 жылға жуық тарихы бар заманауи жайлы мегаполис. Қала қонақтары мен тұрғындарына күн сайын 200-ден астам түрлі іс-шара, 8000-нан артық мәдени мұра нысаны (оның ішінде үшеуі – ЮНЕСКО-ның мәдени мұра нысаны), жүздеген мұражай, театр және мәдени алаңдар, мыңдаған мейрамхана қызметі ұсынылады.


Мәскеудің Туризм жөніндегі комитеті атап өткендей, бұл қала кез келген – іскерлік, білім алу, гастрономиялық, мәдени, спорттық және басқа да саяхат үшін оңтайлы жағдайлар мен мүмкіндіктер ұсына алады.

Роуд-шоуға қатысу Мәскеу қаласына туристік бағыт ретінде қызығушылық қалыптастыруға мүмкіндік береді және Қазақстандағы туристік индустрия өкілдерін Мәскеу бойынша жаңа туристік өнімдерді әзірлеуге ынталандырады.

Мәскеу қаласының Туризм жөніндегі комитеті – Мәскеуді туристік бағыт ретінде бүкіл әлем бойынша ілгерілетумен айналысатын ресми ұйым. Мәскеу қаласының Туризм жөніндегі комитеті күшті бренд қалыптастырады және астананың Ресейдегі және халықаралық аренадағы туристік орталық ретіндегі жағымды имиджін жасайды. Бұл заңнамалық бастамалар, конгресс-көрме қызметі, туризм саласындағы іс-шаралар мен имидждік жобалар арқылы жүзеге асырылады.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар