Елорда жастары экологиялық акцияны қолдады: Астанада 25 метрлік «Таза Қазақстан» туы орнатылды

Елорда жастары экологиялық акцияны қолдады: Астанада 25 метрлік «Таза Қазақстан» туы орнатылды
Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Maqsut Narikbayev University студенттері 1 курс студенттерін қабылдау кеші аясында сахнада 25 метрлік "Таза Қазақстан" туын желбіретіп, ерекше акция өткізді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өткен іс-шараға 5000-нан астам қатысушы жиналды.

– Экология – бұл жай ғана сән тренді емес, бұл – біздің бүгініміз және болашағымыз. Экологиялық бастамаларды қолдай отырып, біз әрекет етуге дайын екенімізді көрсетеміз. Біз қарапайым дағдыдан бастай аламыз: қоқыс тастамау, сенбіліктерге қатысу, достарыңыз бен жақындарыңыз арасында экологиялық хабардарлықты насихаттау, – деп атап өтті акцияға қатысушылардың бірі, бірінші курс студенті.

Астанада "Таза Қазақстан". Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" акциясы жалғасуда.

Экоакция шеңберінде шаһарда қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.