Депутат Елнұр Бейсенбаев Aitu жобасының маңызды тұстарын атады,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Оның айтуынша, жоба мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосады.
"Халық арасында цифрлық гигиенаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Себебі сырттан келетін әртүрлі түсініксіз мессенджерлер арқылы қоғамға қажетсіз ақпараттардың таралу қаупі жоғары. Ең маңыздысы азаматтар өздерінің қауіпсіздігін сақтап, әртүрлі алаяқтық әрекеттерден қорғану мүмкіндігіне ие болады. Aitu тек мессенджер ғана емес, ол жан-жақты платформа",- деді ол.
Aitu жобасы арқылы тек сөйлесіп қана қоймай, кино көруге, музыка тыңдауға да болады.
"Өзім бұл қосымшаны 1 жылдан астам уақыт пайдаланып келемін. Қазіргі таңда мемлекет басшысы да осы мәселеге ерекше көңіл бөліп, азаматтарды белсенді түрде атсалысуға шақырып отыр. Бұл – өте маңызды бастама. Барлық қажетті мүмкіндіктер қарастырылған. Қазіргі заманда азаматтардың жеке деректері, отбасы туралы мәліметтері, ресми құжаттары 100 пайыз қауіпсіздікте болуы үшін, міндетті түрде мемлекеттік деңгейде қорғалатын осындай платформалардың болуы қажет",- деді депутат.