8 тамызда Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сонымен қатар қатты жел соғып, оның жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Кей жерлерде жел екпіні 25–28 метрге дейін күшеюі мүмкін, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық сақталады. Кей жерлерде ауа температурасы +40...+44 градусқа дейін көтеріліп, тұрғындарға қолайсыз жағдай туғызуы ықтимал.
Өрт қаупі жоғары деңгейде
Құрғақ әрі ыстық ауа райына байланысты бірнеше облыста төтенше өрт қаупі сақталып отыр. Мамандар табиғат аясында демалу кезінде от жағуға, жанғыш заттарды бейберекет тастауға және өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуға болмайтынын ескертеді.
ТЖМ ескерту жасады
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды күннің ыстық уақытында ұзақ уақыт сыртта болмауға, көбірек су ішуге және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.