Елімізде инфляция көрсеткіші жоғары өңірлердің аты аталды - Ұлттық банк

Кәмшат Тілеухан 17 қаз. 2024 11:25 2213

Ұлттық банктің мәліметінше, жылдық инфляция көлемі 11 өңірде баяулап, жеті өңірде, керісінше екпін алды, ал тағы екі өңірде өзгеріссіз қалған. Сонымен қатар бірқатар облыстарда инфляция жалпы республикалық деңгейден жоғары болған кезі де кездеседі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Республикамыз бойынша, жылдық инфляция 11 өңірде көрініс тапты. Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Астана қаласы (10,3%) мен Маңғыстау облысында (9,8%)  тіркелді.Қыркүйекте елде жылдық инфляция баяулап, 8,3%-ды құрады, ал тамыздағы көрсеткіш 8,4% еді, делінеді Ұлттық банктің өңірлердегі инфляциялық үрдістер атты есебінде.

Қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы салдыңғы аймен салыстырғанда 5,1%-ға дейін (тамызда – 5,5%) баяулады. Осы топтағы тауарлар бағасының ең жоғары өсімі Алматы қаласында (7,7%), ал ең төмені Астана қаласында (2,1%) қалыптасты.

Азық-түлікке жатпайын тауарлар бағасының өсу қарқыны 7,6%-ға дейін (тамызда-7,7%) баяулады. Ең жоғарғы мәні Түркістан облысында (13,3%), ең төменгі мәні Жетісу облысында (4,9%) тіркелді.

Ақылы көрсетілетін қызметтердің бағасы қыркүйекте бұрынғы деңгей - 13,6% (тамызда – 13,6%) шамасында сақталды. Сонымен қатар, бағалар жалпы республикалық деңгейден Павлодар облысында (20,0%) біршама жоғары, Алматы облысында (7,7%) төмен өсті.

Қыркүйекте ел бойынша бір айдағы инфляцияның өсімі 0,4%-ды құрады. Бұл тарихи орташа деңгейден (2017-2021 жж. қыркүйекте – 0,3%) жоғары.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар