Елімізде TikTok қосымшасының қандай жағдайда жабылатыны белгілі болды

Қаракөз Амантай 13 қар. 2024 14:27 1508

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева TikTok-ты жабу мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол ұлттық қауіпсіздікке зиян келтіруге жол берілмейтінін баса айтты. Министрдің сөзінше, балалар — еліміздің болашағы, сондықтан әлеуметтік желілердегі заңсыз контент қатаң бақылауда.

“Әлеуметтік желілерде, оның ішінде TikTok-тағы заңсыз контенттің барлығы дер кезінде анықталып, алынып тасталып отыр. Бұл жағынан бізбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп отырған әлеуметтік желілердің әкімшілеріне рақметімді айтқым келеді. Жұмыс едәуір жақсарып, жанданып келе жатыр”, - деді ведомство басшысы.

Министр TikTok-тағы заңсыз контенттің барлығы дер кезінде анықталып, алынып тасталып отыр.

“TikTok, Фейсбук, Инстаграм болсын, ұлттық қауіпсіздігімізге қандай да бір нұқсан келтіруге жол бермейміз. Балаларымыз – біздің келешегіміз. Әлеуметтік желілерде, оның ішінде TikTok-тағы заңсыз контенттің барлығы дер кезінде анықталып, алынып тасталып отыр. Бұл жағынан бізбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп отырған әлеуметтік желілердің әкімшілеріне рақметімді айтқым келеді. Жұмыс едәуір жақсарып, жанданып келе жатыр”, - деді ведомство басшысы.

Балаева әлеуметтік желі ұлттық қауіпсіздігімізге нұқсан келтірген жағдайда, ол жабылатынын айтты.

“Бірақ қазіргі таңда ондай сұрақ туындап отырған жоқ. Біз олармен нәтижелі бірге жұмыс істеп жатырмыз”, - деп атап өтті Аида Балаева.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар