Бүгін Астанада Президенттің қатысуымен ауылдық әкімдердің алғашқы диалог-платформасы өтті. Ондағы ең жас әкім - маңғыстаулық Сағынжан Тұрақбаев, деп хабарлайды Dalanews.kz
InAktau.kz сайтының мәліметінше, жиынға Маңғыстау облысынан 34 ауылдық округ әкімі қатысты. Олардың арасында - еліміздегі ең жас әкім саналатын 27 жастағы Сағынжан Тұрақбаев та бар. Ол Маңғыстау ауданындағы Шебір ауылдық округін басқарады.
Сағынжан Тұрақбаев 2024 жылғы наурыз айында ауыл тұрғындарының тікелей дауыс беруі арқылы әкім болып сайланған. Жасына қарамастан, ол өзіне жүктелген міндеттің өте жауапты екенін атап өтті.
«Жассың деп босаңсуға болмайды. Әр істің өз жауапкершілігі бар. Тұрғындар ауылдың дамуын бізге сеніп тапсырды, сондықтан біз үйлесімді жұмыс істеп, олардың үмітін ақтауға тырысамыз», - деді Сағынжан Тұрақбаев.
