Freedom Inside '26

"Елімай" және "Ордабасы" матчының бас төрешісі қамауға алынды

"Елімай" және "Ордабасы" матчының бас төрешісі қамауға алынды
Фото: видеодан скрин

Қазақстан Премьер-лигасының 13-туры аясында өткен "Елімай" мен "Ордабасы" арасындағы матчының бас төрешісі Арман Исмұратов бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды dalanews.kz.

13 маусым күні өткен кездесуден кейін төрешінің айналасында дау туындаған болатын. "Елімай" футболшылары Арман Исмұратовты ойын барысында былапыт сөздер қолданды деп айыптаса, команданың бас бапкері Андрей Карпович төреші ойыншыларды қорлап, клубқа қатысты қоқан-лоқы жасағанын мәлімдеді.

Кейін әлеуметтік желілерде стадионның ішкі аумағында түсірілген видео тарады. Бейнежазбада Арман Исмұратовтың «Елімай» клубының өкілдеріне қатысты дөрекі пікір айтып, командаға маусым соңына дейін қысым көрсететінін мәлімдегені көрінеді.

Тараған ақпаратқа сәйкес, төреші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бес тәулікке қамауға алынған. Әзірге бұл жағдайға қатысты ресми органдар мен футбол ұйымдары түсініктеме берген жоқ.