Көптеген маңызды нақты мәселердің шешу жолдары айтылды. Айтылған мәселер бойынша «Іс-шаралар жоспары» қабылданған кезде орындауға Үкімет, жергілікті атқарушы органдармен бірге бүкіл қоғам болып атсалысатына сенімдіміз. «Nur Otan» партиясы жұрт болып жұмылған тірліктен ешқашан қалыс қалған емес. Партияның қоғамдық қабылдауы арқылы халықпен кері байланыс орнатып, 2021 жылы Түркістан облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдауына 22,6 мың өтініш түссе, оның 70 пайызы оң шешілген.
Қазақстан бойынша 800 мыңдай партия мүшесі болса соның 80 мыңдайы Түркістан облысына тиесілі. Бүгінде партия мүшелері елде болған лаңкестіктен абыржыған тұрғындарға басу айтып Бастауыш партия ұйымдары халықты сабырға шақыруда.
Отбасы құндылықтары, заңның үстемдігі негізгі құндылық «Тәуелсіздік» екені партия мүшелерінің әрқашан жадында. Партия қоғамның барлық санаттары мен биліктің арасындағы көпір болғандықтан күні кешегі келеңсіз жағдайда халық қалаулылары елдің талаптарын билікпен қатар тыңдап, шешу жолдарын бірлесе қарастыруда.
Арыстағы жарылыста, Мақтараалдағы елді мекендерді су алғанда партия мүшелері алдыңғы шептен көрінді. Пандемия кезінде партия мүшелері партияның «Biz birgemiz» қорынан берілген кемектерді еріктілер тобы үй-үйді аралап, елеулі жұмыс жасады. Сол кезеңдерде партия мүшелері өз денсаулықтарын ойлаған жоқ.
Бүгінде облыс әкімінің бастамасымен Түркістан облысында «Халық сақшылары» жасақшы топтары құрылды.
Түркістан облысы әкімі Ө.Шөкеевтің өңірдегі қоғамдық саяси ахуалды тыңғылықты зерделеуінің және тез арада тиісті органдарды жұмылдырудың арқасында облыста бүлікшілік жәйт орын алмады. Елдің тыныштығы бейбіт өмір адам денсаулығы бәрінен қымбат.
Тұрақтылық бірлікке әбден байланысты екеніне бәріміздің көзіміз жетті. Елге жасалған лаңкестік оқиға бізді қайта ширықтырып ширата түсті. «Алматы трагедиясы» еліміз үшін ұмытылмас сабақ болды.
Бүгінгі Мемлекет Басшысының Үндеуінен жаңа қадамдар жасап тәуелсіздікті сақтаудың ел дамуының жаңа нақты тұғырына аяқ басқанымызды аңғарудамыз. Нақтылық бар жерде тиімділік бар.
Кеден мәселесіне май шаммен талдау жасау дегенді естігенде өз басым қуанып қалдым. Осыған қарағанда Мемлекет басшысы көптен бері экономиканы дамытудың шешімдерін зерделегені көрініп тұр. Халыққа керегі әділетті әлеуметтік саясат. Біз партия мүшелері жас буынның бойындағы патриоттық иммунитетті нығайтуға күш салуымыз аса маңызды. Біздің елдігіміздің белгісін отаншылдық тірлігіміз көрсетеді. Жаңа қазақстанды бірге құруға атсалысу бәріміздің азаматтық парызымыз!
Қалыйма ЖАНТӨРЕЕВА, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихат депутаты.