Елдегі зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 394,2 млрд теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 450,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 943,4 млрд теңге қарастырылған.
2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны - 2 млн 471 мың адам.
"2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 400 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері 95 784 теңге, базалық зейнетақы 47 616 теңге болды", - деп жазылған хабарламада.