Кәсіпкер Айдын Рахымбаевтың кенже ұлы әскерге аттанып, ант қабылдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жас сарбаз физикалық тұрғыдан жақсы дайындықта болғандықтан десант-штурм бригадасына қабылданған. Рахымбаевтың айтуынша, ұлы жарты жыл бұрын King’s College London университетіне IT мамандығы бойынша оқуға түскен.
“Келешекте оқуын міндетті түрде жалғастырады, бірақ әзірше нағыз азамат ретінде Отан алдындағы борышын өтеп жатыр. Енді еліміздің де, отбасымыздың да қорғаушысы болады. Барлық сарбазға сәттілік тілеймін, аман-есен оралсын!”,- деп жазды кәсіпкер әлеуметтік желідегі парақшасында.
