Ел аумағына Ресей зымыраны түскен болуы мүмкін - Польша премьері

Ел аумағына Ресей зымыраны түскен болуы мүмкін - Польша премьері
Фото: REUTERS

Польша премьер-министрі Дональд Тусктың мәлімдеуінше, Ресейдің Украинаға жасаған жаппай зымыран шабуылы кезінде Польша әуе кеңістігі бұзылған. Алдын ала мәлімет бойынша, ел аумағына ресейлік Х-101 қанатты зымыраны түскен болуы мүмкін, деп хабарлайды dalanews.kz.

"Барлық белгі оның Ресейдің Х-101 зымыраны екенін көрсетіп тұр. Дегенмен тергеу толық аяқталып, барлық дерек нақтыланғанға дейін асығыс қорытынды жасамаймыз", - деді Туск.

Оның айтуынша, оқиғаға байланысты Еуропа елдерінің басшыларымен байланыс орнатылған. Олар Польшаға толық қолдау білдіріп, қажет болған жағдайда кез келген көмекті көрсетуге дайын екенін жеткізген.

Bloomberg мәліметінше, бұл жағдай НАТО-ға мүше елдер мен Ресей арасындағы шиеленісті одан әрі күшейтуі мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін Польша ықтимал қауіпке байланысты әскери жойғыш ұшақтарын әуеге көтерген.