Экс-министр Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды

Экс-министр Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды
gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік кеңесі аппратында бірнеше тағайындау жүргізді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Нұржан Хажимұратұлы Каджиақбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Геннадий Иванович Зуев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

t.me/aqorda_resmi