Экс-депутат Төлеутай Рақымбековтің қызы оны сотта жеңіп шықты

Көркем Алдабергенова 03 ақп. 2025 12:07 1723

Экс-депутат Төлеутай Рақымбековтің қызы әкесін сотта жеңіп шықты. Бұл туралы қызы Айботаның өзі әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz

Айбота Рақымбекова әкесі Төлеутай Рақымбеков бала күнінде оны екі рет зорлап, кейін анасынан қалған мұраны заңсыз тартып алғанын айтып, әлеуметтік желіде әділдік талап еткен болатын. Ол өзіне тиесілі мүлкінен айырылып, 1,5 жасар баласымен дағдарыс орталығында тұруға мәжбүр болған.

Алайда, экс-депутат бұл мәлімдемеге жауап беріп, қызын есірткіге тәуелді, өтірікші деп айыптады. Осыған байланысты Айбота оны “жеке басын қорлау” бабы бойынша сотқа берген.

22 қаңтарда сот Төлеутай Рақымбековтің сөзін жалған деп тауып, Айботаның пайдасына шешім шығарды.

“Еліміздің сот жүйесі менің ісімді қарап, әділ шешім шығарды! Қазіргі уақытта “Алаяқтық” бабы бойынша қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеуі жүріп жатыр. Яғни, мен әкемнің мені алдап, мұрамнан айырғаны үшін сотқа шағымданған едім. Бұған дейін Төлеутай Рақымбеков мені өтірікші, нашақор деп айыптады.

Бұл жалған ақпарат менің абыройыма нұқсан келтіріп, көпшіліктің алдында беделімді түсірді. Шындықты естіп, әділ шешім қабылдағаны үшін сотқа алғысымды білдіремін. Бұл – мен үшін жай ғана жеңіс емес, әділдіктің барын дәлелдеген, сенімімді қайтадан күшейткен күн”, – деді Айбота.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар