Экономист Тоқаевтың бір жылдық жұмысына баға берді

Dalanews 20 қар. 2023 13:56 1079

Белгілі экономист Мақсат Халыққа журналистер қауымы Тоқаевтың бір жылдық Президенттік қызметіне экономикалық тұрғыдан баға беруін өтініпті. Осы бір маңызды сұраққа білікті экономист өзінің Фейсбуктаға парақшасын жауап беріпті. Енді соған наузар аударсақ.  

– Бүгін журналистер көп хабарласты, президенттің сайлауына 1 жыл өтті, қандай экономикылық өзгерістер бар айтып берсеңіз деп. Осыған орай өз пікірімді білдіруді жөн деп шешітім.

Бір жыл ішінде іргелі экономикалық өзгерістер болды деп айтуға әлі ерте. Өйткені экономикалық мәселерерге Президент тек осы жылғы Жолдауында кеңінен тоқталған болатын.

Халқымыздың әл-ауқатын арттыру бойынша Әлеуметтік кодекс қабылданды. Әлеуметтік кодекстің оң тұсы ретінде алдағы уақытта елімізде отбасының цифрлық картасы жасау ісін атап айтуға болады. Оның көмегімен отбасылардың әлеуметтік жағдайын, әл-ауқат деңгейін анықтап, жіктеуге болады. Соған сәйкес әлеуметтік қорғау жүйесін басқаруда да автоматтандырылған ақпараттық жүйе деректерін кеңінен қолдануға болады.


Сонымен қатар келер жылы айналымға енгізілетін цифрлық теңге де бұл жүйенің қалыптасуы мен дамуына оң ықпал ететіні сөзсіз. Ең бастысы қаражаттың бөлінуі мен тиісті отбасыға жетуінің ашықтығы қамтамасыз етіледі.

Өзім байқаған тағы бір артықшылығы бала күтімі бойынша төлем мерзімі 1 жылдан бір жарым жылға дейін ұзартылғандығы. Егер 2 жылға ұзартылғанда тіпті дұрыс болар еді. Бала балабақшаға баруға дайын болып, ал ана бірден жұмысқа шығу мүмкіндігіне ие болар еді. Уақытымен оған да қол жеткізерміз.

Әлеуметтік кодекстің нәтижесі туралы сөз қозғамас бұрын, оның нәтижесі деп нені айтуға болады. Соны нақтылап алу қажет. Басты басымдық –кедейшілікті азайту және халқымыздың өмір сүру сапасын жақсарту деп белгіленуі тиіс.

Меніңше, бұл құжатта өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәселесі ашық күйде қалып отыр. Ең төменгі табысты есептеу, ең төменгі күнкөріс шегін анықтау, кедей халықтың нақты көлемін анықтап, нақтылай түсу керек.

Президенттің тапсырмаларының ішінде еліміздің әл-ауқатына әсер ететіні, ол келер жылдан бастап балаларымыздың шотына аударылатын Ұлттық қордың үлесі. Енді Ұлттық қор келешек ұрпақ қоры деп айтуға болады.

Әзірге оның көлемі өте аз, Ұлттық банк сарапшыларының айтуынша, 18 жылда 3000-3500 мың доллар жиналатынын айтуда. Бірақ осы бағыттағы жұмыстарды дұрыс ұйымдастырсақ, Ұлттық қордың инвестициялық кірістерін арттыру бойынша және ұлттық қор көлемін ұлғайту бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілсе онда балаларымызға түсетін түсімдер еселенетін болады.

Менің есебімше, кемі 10 000 доллар жасауға болады. Осы жерде халқымыздың азаматтық бақылаушылық позиция ұстауы маңызды деп білемін. Шет елден қайтқан активтерді арнайы шотқа емес, Ұлттық қорға аудару қажет.


Ұлттық қор активтерінің инвестициялық кірістілігін арттыру бойынша жұмыс жасайтын қаржыгерлерді халықаралық сертификациядан өткізу қажет.

Президент 7 жылда ел экономикасын 2 еселеп ЖІӨ-і 450 млрд долларға жеткізу қажет деген меже қойды. Ол үшін Үкімет ЖІӨ-нің жылдық өсімін кемі 7 пайыз қамтамасыз етуі қажет.

Меніңше экономикамыз екі еселенуі үшін кемі 10 пайыздық өсім болуы қажет. Ал Үкімет ол мақсатқа қол жеткізу үшін ең бірінші кезекте еліне жаны ашитын азаматтардан құралған халық қызметшілерімен толысу қажет. Екіншіден халқымыздың әл-ауқатын арттыруды жаңа деңгейге шығаруға, Алаш идеясына негізделген ұлттық экономикамыздың жаңа моделін бекіту қажет деп есептеймін.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар