Екібастұздық бүлдіршіндерге базарлық

Dalanews 03 қыр. 2015 04:23 908

IMG_09241 қыркүйекке орай екібастұздық бүлдіршіндер үшін 225 қосымша орын ашылды.

Қазіргі қазақ тілінде тәрбие және білім беретін  № 16 балабақшада 175 орынға арналған 7 топ қалпына келтірілді, онда бұрын Достық үйі орналасқан болатын. Бұл мақсатқа қалалық бюджеттен 25,7 млн теңге, оның ішінде күрделі жөндеу жұмыстарына 9,7 млн теңге және материалдық-техникалық базаны жарақтандыруға 16 млн теңге бөлінді.

Шідерті поселкесі 111 разъездің 50 бүлдіршінін бала бақша қабылдай алады, оған қалалық бюджеттен күрделі жөндеу жұмыстарына 18 млн теңге, ал жабдықтау мен жиһаздарына 4 млн теңге жұмсалыпты.

Шідерті кентінің Құметті азаматы Леонид Баталов бала бақшаның ашылуы үшін Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербнякқа алғысын білдірді.

IMG_0979

- Осы мәселе қала басшысының тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде көтерілген болатын.  Александр Федоровичке  көрсетілген наразылығы үшін көп рахмет. Ол өз уәдесінде тұрды. Барлық ауылдықтарды мерекемен құттықтаймын. Баршаңызға мықты денсаулық, құт-береке тілеймін, - деді Леонид Иванович.

2015 жылдың 1 қыркүйегі жағдайына 3-6 жастағы балалардың қамтылуы 100 % құрайды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар