Екібастұзда есірткі зертханасы анықталды

Екібастұзда есірткі зертханасы анықталды
видео кадры

Екібастұз қаласында полиция қызметкерлері қолдан есірткі өндірумен айналысқан жасырын зертхананы анықтады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тергеу барысында екі ағайындының гараж ішінде есірткі өндірісін ұйымдастырғаны белгілі болды. Күдіктілерді ұстау кезінде жүргізілген тінту барысында 10 келіден астам альфа-PVP психотроптық заты, 860 литр химиялық сұйықтық, оның ішінде көлемі 300 литр болатын реактор ыдысы, зертханалық құрал-жабдықтар, таразылар мен жеке қорғаныс құралдары тәркіленді.

Полиция мәліметінше, күдіктілердің әрекетін Signal мессенджері арқылы байланысқа шыққан куратор үйлестіріп отырған.

Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.