2022 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша Екібастұз 1-МАЭС-те өндірілген электр энергиясының көлемі – 23,05 млрд. кВтсағ жеткен.
Жоспарланған өндіріс көлемі – 22 млрд. кВтсағ. болса, көрсеткіш 105%-ға орындалды. Бұл станция жұмысының барлық уақытындағы рекордтық көрсеткіші болып табылады.
Жоспарлы тапсырманы орындау жедел қызметкерлер құрамының нақты және үйлесімді жұмысының, жыл сайынғы жөндеу науқанын тиімді жүргізудің және станцияның қуатын қалпына келтіру және жабдықтарын жаңғырту жөніндегі инвестициялық бағдарламаны дәйекті іске асырудың арқасында қол жеткізілген.