Екі жылқы атылып сойылды: Алматы облысында қылмыстық іс қозғалды

Самал Асқар 08 қаң. 2026 12:28

Алматы облысында екі бас жылқыны атып, сойып кеткен дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы облысы полиция департаменті мәліметінше, қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмысты ашу үшін арнайы жедел топтар құрылған.

Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында. Құқық қорғау органдары барлық мән-жайды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, аталған оқиғаға қатысты бейнежазба кеше әлеуметтік желілерде тараған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар