eGov 3.0 іске қосылды: енді мемлекеттік қызметтерді алу жеңілдей түседі

eGov 3.0 іске қосылды: енді мемлекеттік қызметтерді алу жеңілдей түседі
Үкіметтің баспасөз қызметі

Қазақстанда QazTech платформасында әзірленген заманауи eGov 3.0 порталы іске қосылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ол мемлекеттік қызметтерді көрсетуді оңтайландыруға, артық талаптарды болдырмауға және инфрақұрылымға жүктемені азайтуға мүмкіндік берді. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.  

"Жақында QazTech платформасында әзірленген заманауи eGov 3.0 порталы іске қосылды. Қызметтер барынша оңай, пайдаланушы үшін ыңғайлы форматта жинақталды. Талаптар мен қадамдар саны азайды. Сұранысқа ие қызметтердің бір бөлігі жаңа форматта қолжетімді", - деді Жаслан Мәдиев.