Өңірде 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына дайындық қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды Dala News.
Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын 438 мың гектар алқапқа орналастыру жоспарланған. Оның ішінде 224 мың гектары немесе 51%-ы суармалы жерлер.
Егіс құрылымына сәйкес:
•дәнді дақылдар – 175 мың га (оның ішінде жүгері – 55,7 мың га);
•майлы дақылдар – 26,6 мың га;
•картоп – 9,7 мың га;
•көкөністер – 17,1 мың га;
•бақша дақылдары – 2,9 мың га;
•мал азықтық дақылдар – 206,6 мың га.
Сонымен қатар 25,2 мың гектар жерге күздік дақылдар егілген.
Егіс жұмыстарына 56 мың тонна тұқым дайындалды, ал алқаптарға 78,4 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланып отыр.
«Кең дала» бағдарламасы аясында көктемгі және күзгі дала жұмыстарына 10 млрд теңге бөлінген. Қазірдің өзінде 3,5 млрд теңгеге 28 өтінім қабылданған.
Шаруалар егіс науқанына 5,4 мың тонна жеңілдетілген дизель отынына өтінім берген.
Аймақта ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жұмыстары да жалғасуда. Қазіргі таңда өңірде 13,8 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы бар, оның 97%-ы көктемгі дала жұмыстарына дайын. Биыл қосымша 640 жаңа техника сатып алу жоспарланған.
Аграрлар биылғы егіс науқанын уақтылы әрі ұйымдасқан түрде өткізуге дайын екенін мәлімдеді.
