Nvidia акциялары бас директор Дженсен Хуанг қызметінен кетуі мүмкін деген ақпараттан кейін биржадан тыс саудада 10 пайызға арзандады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Bloomberg мәліметінше, акция төмендеуіне The New York Times басылымының Хуанг өзіне тікелей бағынатын қызметкермен көңіл жарастырғаны туралы мақаласы түрткі болған.
Кейін Wall Street Journal директорлар кеңесі Хуангті қызметінен босату мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлаған соң акциялар одан әрі құлдырады. Алайда әзірге оның қызметтен кететіні туралы ресми шешім қабылданған жоқ.
Bernstein сарапшылары Nvidia акцияларының рейтингін "нарықтан жоғары" деңгейінен "нарық деңгейіне" дейін төмендетіп, болжамды бағасын 400 доллардан 200 долларға дейін азайтты.
Бұған дейін Baird пен Morgan Stanley сарапшылары да акциялар рейтингін төмендеткен. Yorkville Ives бағалауынша, Хуанг компания басшылығынан кетсе, Nvidia акцияларының құны 300 доллардан 225 долларға дейін төмендеуі мүмкін.