Қазақстандағы банкроттар саны 100 мыңға жуықтады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қазақстанда банкроттық рәсімі аясында азаматтардың 373 миллиард теңге қарызы есептен шығарылды. 100 мыңға жуық адам банкрот мәртебесін алды, тағы 23 мыңнан аса азамат банкроттық рәсімінен өтіп жатыр.
Банкроттық рәсіміндегі азаматтардың жалпы берешегі 134,5 миллиард теңгеге жеткен.
Алайда кейбір міндеттемелер, соның ішінде алимент қарызы есептен шығарылмайды. Сондықтан борышкерлер оларды өздері өтеуге тиіс.