Димаш Құдайберген Испанияда дүркіретіп жеке концертін берді

Көркем Алдабергенова 10 қар. 2025 13:05

8 қараша күні Барселонаның әйгілі Олимпиялық аренасы – Olimpic Arena Badalona мыңдаған жанкүйерлерге толды. Олар Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы тұңғыш жеке концертін асыға күтумен болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Көрермендер «Оле, Димаш, Оле!» деп ұрандатып, өз клубтарының түстеріндегі киіммен «толқын» жасап, сахнаға шығатын сүйікті әртістерін шат көңілмен қарсы алды. Содан кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен орындалып, залдағы көрермен орындарынан тік тұрып құрмет көрсетті.

Большой концерт в Барселоне – как прошло первое шоу Димаша Кудайбергена в Испании

Элегантты ақ костюммен сахнаға сәнді шыққан Димаш шоуын бірлік пен үмітке толы «Біз бәріміз алтынбыз!» әнімен бастады. «О, Құдай-ау, сіздердің энергияларыңыз үшін үлкен рақмет!» – деп ықыласын білдірген ол көрермендерді өзіне бірден баурап алды. Бұған дейін Майкл Джордан сынды әлем жұлдыздары өнер көрсеткен бұл сахнада Димаштың энергетикасы бұрынғыдан да жарқырай түсті.

Димаш көрермендерін қазақ, ағылшын тілдерінде ғана емес, сондай-ақ испан тілінде де жылы қарсы алды:

«Баршаңызға қайырлы кеш! Бұл – Испаниядағы менің алғашқы концертім. Осында сіздермен бірге болу – мен үшін үлкен құрмет. Барлығыңызға көп рақмет!»

Большой концерт в Барселоне – как прошло первое шоу Димаша Кудайбергена в Испании

Залда отырған Dears пен Димаш арасындағы эмоционалды байланыс бір сәтке де үзілген жоқ. Әнші әрбір үзіліс сайын көрермендерге жылы жымиып, сүйіспеншілік белгісі ретінде ыстық ықыласын жолдап отырды. Ал, көрермендер әншінің бұл ықыласына ұзақ қошемет көрсетті.

Димаш концерт барысында импровизациялық караокеге қатысып, көрермендермен тікелей сөйлесіп отырды. Ол сахнаның биігіне де, шетіне де еркін қозғалып, әр жанкүйерге мүмкіндігінше жақын болуға тырысты.

Большой концерт в Барселоне – как прошло первое шоу Димаша Кудайбергена в Испании

Залда қазақтың ұлттық киімін киген жас қызды байқап қалған Димаш оны сахнаға шақырды. 15 жастағы жас әнші Жанель Али сүйікті әртісімен бірге «Ұмытылмас күн» әнін орындады.

Кештің ең әсерлі тұстарының бірі – Dears жанкүйерлерінің «Elegimos la Vida» («Біз өмірді таңдаймыз») акциясы болды. Димаш «The Story of One Sky» реквиемін орындап тұрған сәтте, көрермендер ақ қолғаптарын жоғары көтеріп, бейбітшілік пен үміттің, тазалықтың символын көрсетті.

Большой концерт в Барселоне – как прошло первое шоу Димаша Кудайбергена в Испании

Димаштың «Stranger» атты әлемдік туры жалғасуда. Жақын арада Димаш пен оның командасы Лондон мен Берлинде жанкүйерлерімен қайта жүздеседі. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар