"Диктатор емеспін. Ел қатарлы сайлауға түсемін...". Жапаров отставкаға кететінін айтты

Dalanews 26 қаз. 2020 10:20 863

Қырғыз Республикасының премьер-министрі Садыр Жапаров президенттік сайлауға қатысады. Сондықтан ол отставкаға кетпек, деп хабарлайды Dalanews.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Қырғыз Республикасының премьер-министрі Садыр Жапаров Қошқар ауданына жұмыс сапары барысында президент сайлауына қатысу үшін желтоқсанның басында мемлекет басшысының міндетін уақытша атқару қызметінен кететінін мәлімдеді.

- Мен сайлауға басқалармен тең дәрежеде түсемін. Егер мені сайлап жатса, президент боламын, сайламаса, таласпаймын, - деді Садыр Жапаров.


Бұған дейін Қырғызстандағы президент сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына жоспарланған деп хабарланған болатын.

23 қазанда бұл елдегі парламент сайлауы кейінге қалдырылды. Ол 2021 жылдың наурызына дейін өтуі керек.

Жоғарғы Кеңеске сайлау жаңа Конституция жобасы қабылданғанға дейін кейінге қалдырылды. Ал қолданыстағы Конституцияға өзгерістер 2021 жылдың 10 қаңтарынан кешіктірілмей енгізілуі керек.

...


Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Абдыжапар Бекматов мерзімінен бұрын ұйымдастырылатын сайлау қашан өтетінін айтты.





Оның мәлімдеуінше, президент қызметтен уақытынан бұрын кеткен жағдайда Жогорку Кенеш бір апта ішінде жаңа президент сайлауын жариялауы тиіс, бірақ олай болмады, яғни сайлау автоматты түрде белгіленген деп саналды.

"Одан соң ОСК екі күн ішінде сайлау өтетін күнді анықтауы тиіс. Сол ережеге сүйенген комиссия президент сайлауын 10 қаңтарға белгіледі. 15 қарашада кандидаттарды ұсыну аяқталады. Оны саяси партиялар мен азаматтар ұсына алады. Әзірге ешқандай ұсыныс түспеді", - деді Бекматов.

Оның айтуынша, ОСК 7 желтоқсанға дейін кандидаттардың құжаттарын қабылдайды. Бұған қоса, кандидаттар кем дегенде 30 мың қол жинап, оны комиссияға 3 желтоқсанға дейін тапсыруы тиіс.




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар