Балалар үйінің тәрбиеленушілері мекеме директоры Гүлмира Башированың жетекшілігімен келген қонақтарға өздерінің тұрған үйлерін көрсетіп, экскурсия өткізді. Өлкетану үйірмесінің мүшелері Чернорецк балалар үйінің 70 жылдығына жиналған материалдарға бай мұражаймен таныстырды.
Танысып болған соң, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен лицейліктердің біріккен концерті өтті. Қазақ-түрік лицейінің 8 «а» сынып оқушылары өздерінің білімді екенін көрсетумен қатар, ұлттық аспаптарда ойнайтындықтарын көрсете алды. Және олардың тәрбиешілері Қанат Ертаев үйреткен «Халай» түрік биімен залды көңілдендірді.
Өз кезегіне қонақтардың алдында «Степс» хореографиялық тобы мен республикалық «Таң шолпан» байқауының лауреаты Дәулет Аханов , керемет биімен, «Жаса, Қазақстан» әнімен қарсы алды.
ҚТЛ-дың ата-аналары барлық балаларға ойын-сауық бағдарламасын сыйға тартты. Бұл әнші Маусым мен иллюзионист–фокусшы Эльдардың көрсетілімі еді. Олар мерекеге жарқын бояулар қосып, көрермендерді өздерінің фокустарымен, қойылымдарымен таң қалдырып, ғажайып бір дүниеге енгізгендей болды.
Шара отбасы күніне арналған «Әкем, шешем және мен - спорттық отбасы» эстафетасымен жалғасты.
Балалар үйінің стадионында тәрбиешілер, ата-аналар және балалар жарысып, көңілді топтық рухты, өзара көмек көрсетуді, жанұя бірлігін және жеңуді алдына қою сияқты қасиеттерді көрсете білді. Тепе-тең түскен сайыста достық жеңді.
Аталған мерекенің қорытындысы болып, балалар үйінің асханасында лицейстердің аналары дайындаған мол дастархан жайылды. Үстелде дастарқан мәзірінде қолдан жасалған қазақ ұлттық тағамдары, тәтті– дәмділердің түр–түрі болды. Ұлы мейрамдар қарсаңында, үлкен отбасы болып жиналған бай дастарханның басында әрдайым бейбітшілік, құт-береке, достық және бірлік болсын деген тілектер айтылды.
Жазира Сыздықова (ата-ана)