Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуінде «Самал-2» шағын ауданының тұрғыны Снегин көшесінде 15 жылдан астам уақыт бойы көп деңгейлі паркинг қараусыз қалып, ол қаңғыбас иттердің паналайтын жеріне айналғанын айта келе, әкімнен қараусыз қалған құрылыс нысанын бұзуды немесе қандайда бір кәдеге жаратуды сұрады.
– Көтеріп отырған мәселеңіз өте орынды. Әкімдік бұл мәселені шешу жолдарын қарастыруда. Естеріңізде болса, мен қалада көп деңгейлі паркингтерді дамыту бойынша тапсырма берген болатынмын.
Бүгінде осы іс бойынша бірқатар нысандарды сатып алу үшін бағасын келсіп жатырмыз. Ағымдағы жылы бізде қаржылық мүмкіндіктер болмайды. Бірақ 2024 жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде мен тұрғындарға ыңғайлы болу үшін оларды көпдеңгейлі паркингтерге айналдыру үшін сатып алуға немесе құрылысты аяқтауға болатын барлық орындарды қарауға тиісті тапсырма бердім.
«Самал» шағын ауданы бойынша қосымша тапсырма беремін. Бұл – жоба қаншаға бағаланатынын көрейік. Сол жерде ыңғайлық әрі дұрыс паркинг салуды қарастырған жөн. Сіз дұрыс байқағансыз, ескі көпдеңгейлі паркинг бұрыннан тұр. Біз оны жасай аламыз ба әлде бұзу керек пе оны мамандармен анықтауымыз керек, – деп өз ойын айтты қала әкімі.