Доллар тағы 2 теңгеге қымбаттады

Кәмшат Тілеухан 20 мау. 2025 16:29

Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық тоқтатылды. Оның қорытындысы бойынша 1 АҚШ долларының орташа бағамы 521,57 теңгені құрап, бір тәулікте бірден 1,92 теңгеге тағы қымбаттады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҚР Ұлттық Банктің таңертең бекіткен 1 АҚШ долларының ресми бағамы 519,55 теңге, ал 1 еуро 596,03 теңге болған еді.

Kurs.kz мәліметтері бойынша, еліміздегі ақша айырбастау орындарында бүгіндері 1 АҚШ доллары 521,38-523,55 теңге, 1 евро 600-605 теңге аралығында сатылып-сатып алынып жатыр.

Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы бүгін тағы шамалы төмендеді. 

  • ICE Futures электрондық сауда биржасында Brent маркалы мұнайдың маусым фьючерстерінің құны 2,28%-ға төмендеп, 1 баррелі 77,05  долларды құрады. 
  • NYMEX электронды сауда биржасында WTI маркалы мұнайдың маусым фьючерстерінің құны 0,59%-ға көтеріліп, 1 баррелі 73,93 доллар болды.

Бұған дейін сайтымызда "Мұнай құны 78 долларға жетті". Goldman Sachs, Citigroup, JPMorgan өз болжамдарын жариялады" деген материал берілген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар