Freedom Inside '26

Джеки Чан ойнайтын «Құдай сауыты» фильмінің жалғасы Қазақстанда түсіріледі

Джеки Чан ойнайтын «Құдай сауыты» фильмінің жалғасы Қазақстанда түсіріледі
filmpro.ru

Қазақстанда әйгілі актер әрі режиссер Джеки Чанның қатысуымен «Құдай сауыты: Үкім» («Armour of God 4») атты аңызға айналған франшизаның төртінші бөлімі түсірілмек, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Digital Bridge 2025 форумында қазақстандық медиакомпанияның бас директоры Игорь Цай мәлімдеді.

— Қазір біз Джеки Чан басты рөлде ойнайтын фильмді бірлесіп түсіріп жатырмыз. «Құдай сауыты 4» Қазақстанда түсіріледі, — деді ол.

Миллиондаған көрерменнің көңілінен шыққан «Құдай сауыты» сериясының жаңа фильмі еліміздің табиғаты мен мәдениетін халықаралық аренада кеңінен танытуға мүмкіндік бермек.