Джеки Чан Маңғыстауда танымал туынды түсіреді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығы мәліметінше, әлемдік кино жұлдыз Джеки Чан және "Доспехи Бога: Ультиматум" фильмінің режиссері Роберт Кун жаңа ірі киножобаның негізгі түсірілім алаңы ретінде Маңғыстауды ресми түрде бекіткен.
"Ұзақ келіссөздердің нәтижесінде бірегей ландшафттары, ауқымды панорамалары және табиғи ерекшелігі үшін "Доспехи Бога" фильмінің түсірілім орны ретінде дәл Маңғыстау таңдалды. Культке айналған фильмнің Маңғыстауда түсірілуі Қазақстанның киноиндустриясы үшін маңызды оқиға ретінде бағаланып отыр. Жобаның жүзеге асырылуы еліміздің халықаралық кинематографиялық кеңістіктегі орнын нығайтып, өңірге инвестициялар тартуға, сондай-ақ, креативті индустриялар мен туризм әлеуетін дамытуға ықпал етеді", - деп жазылған хабарламада.
