Дінге бет бұрған Нұртас Адамбай Тоқаев, Путин мен Лукашенкодан кешірім сұрады

Көркем Алдабергенова 17 шіл. 2024 15:44 5239

Қазақстанның танымал комедия актёрі, шоумен, режиссёр, продюсер, бүгінде дін жолында жүрген Нұртас Адамбай бірнеше елдің президентінен кешірім сұрады, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Ең алдымен Нұртас Адамбай Мәжіліс депутаты Ринат Заитовтан кешірім сұраған.

"Ақымақтығымның кесірінен біраз уақыт бұрын Ринат Заитовты айыптағаным үшін кешірім сұраймын. Елімізді дамытуға қосып жатқан үлесі үшін алғыс айтамын", - дейді Адамбай.

Артынша Нұртас Адамбай президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан, РФ басшысы Владимир Путиннен, Беларусь басшысы Александр Лукашенкодан және экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтан кешірім сұраған.

Адамбай кешірім сұрап жазған мәтін бірыңғай. Ол бір кездері әлеуметтік желіде президенттер туралы әзіл айтқаны үшін кешірім сұрап, олардың елдің дамуы үшін қосқан үлестерін атап өткен.

Сонымен қатар, әзілкеш ресейлік әнші Андрей Макаревичтен де кешірім сұраған.

«Андрей Макаревичтен бір кездері әлеуметтік желі арқылы ар-намысына тигенім үшін кешірім сұраймын», - дейді Адамбай.

Одан бөлек, Нұртас Адамбай әлеуметтік желі қолданушыларынан да кешірім сұраған.

Әзілкештің неліктен мұндай қадамға барғаны белгісіз. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар