Дін мен мәдениет қатынасы

Dalanews 16 қаз. 2023 09:59 1395

Мәдениет дегеніміз – адамның ақыл-ойы, қабілет-күшімен жасалынған рухани құндылықтар, жазу-сызу, әдебиет пен өнер, жазба жәдігерлер, құқықтық этикалық қалыптар, т.с.с. дейтін болсақ, біздің Ұлы Даламыздан адамзат көлемінде пәлендей ешкім озып кете қойған жоқ!

Қазір ғаламның ақиқатқа ден қойған тарихшылары «Азия – барша адам¬зат¬тың Отаны» деген пікірге амалсыздан тоқтасып отыр. Еуразия құрлығын еркін жайлаған көне түркілер адамзат атаулыға алдымен өркениет сәулесін шашты. Ұлы даламызда тұңғыш жазу мәдениеті, қала тұрғызу өнері пайда болды.

Металлургияның отанына айналдық, жылқы бастаған жабайы малдарды тұңғыш қолға үйреттік, алтын адамды мүсіндедік. Б.э.д. үшінші мыңжылдықта Қосөзенде әлем өркениетінің алтын бесігіне айналған шумерлер ғаламатын қолдан жасағандар – осы Ұлы даладан ығысып барған біздің даңқты бабаларымыз!

Демек, көне түрік тілі б.э.д. үшінші мыңжылдықта шумер тілімен қатар қолданылғандығын, тіпті шумер тілі деп жүргеніміздің өзі нағыз түрік тілі екен¬дігі айғақталды дәл бүгін. Өркениет атаулы, міне, осы арадан Мысырға және Еуразия құрлығының өзге өңірлеріне жетті емес пе! Ал көршілес Қытайыңызда өркениет ошағы б.э.д. екінші мыңжылдықтың екінші жартысында ғана пайда болғандығын ескерсеңіз, еркіндікті еншілеген ерлер ісіне есіңіз кете таңданасыз да!

Ықылым заманалардан бері тағдыр тәлкегіне батылдығы мен байыбын, ақыл парасатын қалқан ете білген баһадүр бабаларымыз ана сүтімен дарыған туған тілімізді, мынау ұлы даланы мирас етіп қалдыра білді.


Тарих тәжірибесіне қарап отырсақ, біздің бабаларымыз туған тілімізге, сол тіл арқылы жасалынатын рухани құндылықтарымызға жете көңіл бөлген. Осылайша, ұлттың басты белгісі – тілдің қамын күнібұрын қамдаған. Бүгінде әлем ғалымдарының өзі жер бетінде алдымен көне түркі тілі пайда болғандығын мойындап жатыр.

Аляска бетке алғаш 30-40 мың жылдай бұрын өткен адамдардың тікелей ұрпақтары ретінде саналып, бүгіндері Орталық және оңтүстік Американы жайлайтын майя, астек, кечуа халықтарының сөздік қорларында түрік тіліне жақын мысалдардың кездесуі олардың түп-тек төркінінің тарихы тым әріде, азиялық атамекендерде жатқанын көрсетеді. Түркі халықтарының ежелден жазу, сызу, әдебиет, өнер, тарихы, егін егу, қала салу арнасының бар екендігі қазіргі таңда ақ әлемге әйгілі болып отыр.

Әрине осындай өркениетімізді әзірше толық мойындай қоймаушылар ұшырасады.

Алайда мұның бәрі – уақытша дүние.Түркілік сына жазуы - әлгі айтқан көне өркениеттің бұлтартпас көрінісі. Осы арада мысалға, біздің эрамызға дейінгі 5-4 ғасырға тән Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы іргесіндегі обадан табылған Үйсін патшалығы ханзадасының алтын бейнесі және сондағы күміс зереннің сыртқы бетіне екі қатар етіп жазылған сына жазуының мән-мағынасы еркін елдігімізбен қатар келер ұрпақ қамын терең толғана білер ертеден келе жатқан ұлтжандылығымызды білдіреді. Демек, мынау ұлы даланың иелері бұдан 2500 жылдан астам мезгілден бері әліпбиі бар өркениет өрісінде ғұмыр кешкен.

Ал, ислам құндылықтарының басты қағидаттары Құранда көрініс тапқан.

Ұлы даламызға ислам діні келгенде ата-бабаларымыз этникалық табиғатымызға, ең бастысы дәстүр-салтымызға кереғар келмейтіндігін бірден түйсінді. Әдепкіде тосырқай қараған халқымыз да бірте-бірте асыл діннің ішкі болмысына дендеді.

Ата дәстүрі мен ислам дінін қос қанатына балаған жұртымыз күні бүгінге дейін осынау темірқазығынан айнып көрген емес.

Сөйтіп, әр пенденің жан-дүниесі, болмыс[1]бітімін паш ететін мәдениетіміз, яки әдептілік жүйеміз өзінің асыл арнасын замана ағымына сай жаңа өлшемдермен толықтыра түсті. Салт-дәстүріміз адамгершілік имандылық, ар-ұят, кісілік, кішілік, ізеттілік сынды әу бастағы қасиеттеріміз арқылы одан әрі тамырланды.


Дін мен мәдениет қатынасы, түптеп келгенде, халық рухының асқақтап, елдік, отаншылдық сезімнің күшеюіне ықпал етуге тиіс! Өйткені, қай-қайсымызға да қасиетті Отанымызды гүлдендіріп, мынау бағаналы байтағымызды ұрпаққа қалдырудан, Тәуелсіздігімізді баянды етуден асқан борыш жоқ!

Міне, сол себепті де, «мың өліп, мың тірілген» халқымыз Мәжіліс депутаттарының елімізде етек жайып бара жатқан ислам ішіндегі дініи теріс ағымдарға заңмын тыйым салу керек деген жуырдағы мәлімдемелерін бірауыздан қолдайды.

Автор: Әміре Әрін


2023 жылғы 4 қыркүйектегі №60


Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарты аясында келісуге ұсынылған эксперттік материал


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар