Димаш Құдайберген гуманитарлық миссия аясында Бангладешке барып, ізгілік елшісі ретінде Кокс-Базардағы босқындар лагерін аралады, деп хабарлайды dalanews.kz.
18 мамырда әнші табиғи апат жиі болатын аймақта орналасқан лагерьлердегі тұрғындардың тұрмысымен танысты. Онда адамдар тар әрі уақытша баспаналарда өмір сүріп жатыр.
Димаш жергілікті халықтың жағдайын көріп, гуманитарлық ахуалмен танысып қайтты.
