Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің журналистика және телевизия саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күніне орай Ақордада салтанатты жиын өтті. Оған республикалық ақпарат құралдары ғана емес, өңірлердегі жетекші телеарналардың, газет-журналдардың, ақпараттық ресурстардың өкілдері қатысты. Атап өтерлігі, марапатталған журналистердің қатарында әріптесіміз – "Altai-News" медиа-орталығының продюсері, Шығыс Қазақстан облысындағы DIDAR газетінің бас редакторы Серік Құмарғалиұлы Әбілхан да бар. Ол "Ерен еңбегі үшін" медалімен наградталды.