Дереккөз: Сара Назарбаева ауыр халде жатыр

Көркем Алдабергенова 05 мам. 2025 10:39 2484

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің отбасы шеңберіне жақын дереккөздің хабарлауынша, дәрігерлер еліміздің тұңғыш президентінің зайыбы Сара Алпысқызына көмектесе алмай отыр. Өмірінің соңына таяғанда ол Назарбаева деген тегін тастап, қыз кезіндегі тегі – Қонақаеваны қайта алған, деп хабарлайды Dalanews.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеп. 

Сара Алпысқызы Назарбаева (қазіргі тегі – Қонақаева) — Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы жұбайы, қоғам қайраткері. Ол 1941 жылдың ақпанында Қарағанды облысында дүниеге келген. Жоғары білім алып, инженер-металлург мамандығы бойынша еңбек еткен. 1962 жылы Нұрсұлтан Назарбаевпен отау құрған. Ерлі-зайыптылардың үш қызы бар: Дариға, Динара және Әлия. Сара Алпысқызы қоғамдық өмірге сирек араласып, саяси сахнадан тыс қалды. Ол көпшілік алдында жиі көрінбегенімен, әлеуметтік жобалар мен балалардың құқығын қорғауға бағытталған қайырымдылық істерімен танымал болды.

1992 жылы ол «Бөбек» халықаралық балалар қайырымдылық қорын құрды. Бұл қордың мақсаты – жетім, мүгедек және әлеуметтік тұрғыда осал топтағы балаларға жан-жақты көмек көрсету. Сонымен қатар, оның бастамасымен еліміздегі мектептерде "Өзін-өзі тану" пәні енгізіліп, балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру қолға алынды. Кейін бұл пән оқу бағдарламасынан алынып тасталды. Сара Алпысқызының бастамасымен Қазақстанда "SOS – балалар ауылдары" халықаралық жобасы да іске асты.

Соңғы жылдары ол бұрынғы тегін өзгертіп, қыз кезіндегі тегі Қонақаеваны қайта алғаны белгілі болды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар