Депутаттық корпус беделі неге төмендеп кетті? Президент жауабы

Көркем Алдабергенова 11 нау. 2026 14:23

Қырғызстанда жиналып қалған кадр мәселесін толық шешу үшін тағы 15–20 жыл қажет болуы мүмкін. Бұл туралы 11 наурызда Жогорку Кенештің отырысында ел президенті Садыр Жапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Отырыс барысында депутат Айсаракан Абдибаева жергілікті билік органдарындағы кадр тапшылығы мәселесін көтерді. Оның айтуынша, әсіресе Ақсы және Чатқал аудандарында білікті мамандар жетіспейді.

Депутат Кош-Добо және басқа да ауыл аймақтарында кәсіби кадрлардың аздығы жергілікті басқару органдарының жұмысына кері әсер етіп отырғанын айтты.

Мемлекет басшысы кадр тапшылығы тек Ақсы немесе Чатқал аудандарына ғана тән мәселе емес екенін, бұл бүкіл елге ортақ проблема екенін атап өтті.

«30 жыл бойы кадрларды таныс, туыс немесе досының баласы деген принциппен тағайындап келдік. Соның салдарынан бүгінгі жағдайға жеттік. Мұны түзету үшін тағы 15–20 жыл қажет болады», – деді Жапаров.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove